
Заң қоғамға не үшін?
Заң біздің қоғамға ауадай қажет. Өйткені, Заң – қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құрал. Ол адамның құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті – ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса қоғамда тәртіпсіздік пен бассыздық орын алады.Заң алдында барлық адамның құқығы бірдей,тең. Заңдардың арқасында адамдар өздерін әдептілік шеңберінде ұстап, құқық бұзушылық әрекеттер жасамауға тырысады.
Объяснение: