999Человек999
17.12.2021 11:37

Мәтіннен шылау сөздерді табу керек Көмектесіңіздерші ??


Мәтіннен шылау сөздерді табу керек Көмектесіңіздерші ??

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dayana20072
28.06.2020 01:51

«Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыбына диалог құрастыру.

Данагүл: Алтынай, ертең сабақтан соң дүкен араласақ, қалай қарайсың? Бос уақытың бар ма?

Алтынай: Бос уақытым бар да, жоқ та десем болады.

Данагүл: Қалай сонда?

Алтынай: Негізі бос уақытым бар. Бірақ мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Сондықтан да «бос уақытым жоқ» десем де болады.

Данагүл: Сенің сүйікті хоббиің бар екенін білмеппін ...

Алтынай: Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады. Менің сүйікті хоббиім - сурет салу.

Данагүл: Сурет сала білген қандай керемет! Ал менің сурет салуға еш икемім жоқ ...

Алтынай: Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын. Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

Данагүл: Алға қойған мақсатыңа жетуіңе тілектеспін! Онда дүкенді басқа күні аралайық. Мен де сүйікті хобби туралы ойланып көрмесем ...

0,0(0 оценок)
Ответ:
rdutchik
01.08.2022 00:31
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота