
1. Тіл адамдардың өзара қарым-қатынас жасауының, пікір алмасуның құралы.
2. Өзге аЫдамдармен тіл табыса білуінле жəне өзгеде иілдерді жақсы білуінде
3. Өзгелермен тіл табыса білу, өзгелермен бірігіп еңбек ету, өзгелермен қарым-қатынас жасау, өзгелерді тану жəне өзінді таныту мүмкіндігін береді.
4. Тілсіз алам биік нəтижелерге жете алмайды.
5. Егер адам көп тіл білсе, ол кез-келген кезде басқа да мемлекеттерге барып кез-келген жұмысты істеп кете алады немесе өз жұмыс орнын аша алады.
6. Тілдің көмегімен адам өзгеде адамдармен сөйлеседі, тіл табыса алады.
7. Өзге адамдармен сөйлесіп, қарым-қатынас жасау үшін жəне өз армандарына жету үшін керек.
8. Тіл табыса білуде, көп тіл білуде өнер.
Қиял-ғажайыптар әлемі.
Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.
Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі.