
2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.
3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?
4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.
5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі.
6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.
7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөлінеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету а тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді
Сұрақ -Ада