pstrebykina
08.03.2020 02:39

6-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай жанрда жазылған? Мәтіннің құрылымындағы ерекшелікті анықтаңдар. Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге үлкен университет. Осы 25 жыл ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым. Талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім...
Осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үсте- ріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтың жанын ұқтым деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері, іштерінен шыққан балалары менің алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халқының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиет- терін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де «жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида» деп, жанып тұрған отқа талай түстім.
Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз адам»... Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы, алдымен, адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
tridem1
04.04.2023 08:40
Сәлем Азамат.Саған хат жазып отырған сенің досың  Айбек. Хал жағдайың қалай? Оқуың қалай? Денсаулығың қалай? Менің хал -жағдайым жақсы. Оқуым денсаулығым жақсы. Бос уақытымда киноға барамын. Жақсы фильмдерді көремін. Достарыммен бірге таза ауада серуендеймін. Сен бос уақытыңды қалай өткізесін.? Жазғы демалыста біздің қалаға кел. Мен сені достарыммен таныстырамын. Кездескенше, Сау бол. Хат күтемін.---Привет Азамат. Пишет письмо тебе твой друг Айбек. Как твое самочувствие? Как учеба? Как здоровье ? Мое самочувствие хорошее. Учеба хорошо и здоровье хорошее.В свободное время я хожу в кино. Смотрю хорошие фильмы. Гуляю с друзьями на свежем воздухе Как ты проводишь своё свободно время? Приезжай на летние каникулы к нам в город. Я познакомлю тебя с своими друзьями. До новых встреч, Пока. Жду письма.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kotorosmax1
13.01.2020 04:13

Ел мен жер тағдыры екіталай күйге түскенде қолына ер-азаматтармен бірге қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздары мен аналарының көп болғаны қарт тарихтың еншісінде жатқан хақ ақпар. Бүгінде оларды дәріптеу былай тұрсын, есімін ұран еткендердің қатары мол. Бұл анасын ардақтаған текті ел үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш болса керек-ті.  

Қазақ қыздарының әрбірінің бойында қайсарлық пен батылдық, жанарында жалын бар. Олардың осындай қайсарлығы мәңгі өшпес алаумен тең. Үндінің Дели сұлтандығының басын XIII ғасырда қарумен қосқан Рәзия патшайымның да шыққан тегі қыпшақ екені белгілі болды, яғни, түбі қазақ деген сөз. Сондықтан да батыр аналарымыз жайлы тарихтың тереңінен мейлінше сыр суыртпақтауға болады. Домалақ ана, Қызай ана, Жанат, Қарқабар, Алтыншаш, Әлпеш, Момын аналар, Айсары, Таңсұлу, Айтолқын арулар, Ақбикеш, Мақпал, Бопай ханымдар, Айша бибі, Рабиға бегім, Қарашаш, Еңлік, Баян сұлу сынды қазақтың батыр қыздары мен аналары том-том еңбектер жазуға лайық.

Атақты Қабанбай батырдың жары Гауһар  өте ақылды, тапқыр жан болған деседі. Соғыста әртүрлі тәсіл ойлап таба білген. Мәселен, түйенің өркешіне найза байлап соғыс алаңына алып келгенде жау жағы қазақтарға қосымша әскер келді деп қаша жөнелген екен. Осындай тәсілдерді соғыс үстінде таба білуімен ерекшеленген Гауһар мәңгі ел есінде.

Назым – Қаракерей Қабанбай мен Гауһардың қызы. Қаһарман қыз сан рет жау әскерін талқандап, әкесімен бірге қазақ-жоңғар соғысына қатысып, елін қорғаған оның ерлігі елге аңыз болып тараған.  

Ақбикеш жауды алыстан көретін қырағылығымен танылған қыз екен. Соғыста жау жасағын бақылап, оның бағытын хабарлап отырған. Тіпті, жау бағытын анықтау үшін Қаратау өңіріне биік мұнара салдыртқан. Талай ұрыста қапы қалып, әбден өшіккен жау Ақбикешті қолға түсіріп, қырағы көздерін ойып тастаған көрінеді. Қаратаудағы «Ақбикеш мұнарасы» осы батырдың құрметіне аталған.

Ботагөз батыр – Есет баһадүрдің қызы. 1742 жылы Орынборға кеткенде елін қалмақтар шауып, жылқыны айдап алып кетеді. Сол тұста  150 сарбазды бастап барған Ботагөз жау әскерін тас-талқан етіп, тірі қалғанын тұтқынға алып жеңіспен оралған. Қыз бастаған қолдан ойсырай жеңілгенін естіген қалмақ қолбасшысы  бас сауғалап үлгерген негізгі әскерді қатаң жазалаған екен.  

Бопай батыр – Кенесары ханның қарындасы. 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтеріліске қатысқан ол   600-ден астам сарбазды басқарған. Бірнеше рет тұтқынға түссе де  ебін тауып құтылып отырған Бопай батыр сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Барлық істе табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған қазақ елінің мақтанышы, ардақты анасы.  

Бақты батыр – әкесі жаужүрек болған текті жердің қызы. Алаш арыстарының бірі Мұстафа Шоқайдың әжесі. Бақты әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршылдарына қарсы барлаушылық қызмет атқарған.

Міне, қазақтың осындай жаужүрек батыр қыздары мен аналары ел тарихын қалауда, елдігімізді берік етіп, мемлекетімізді құруда айрықша үлес қоса білген. Біз сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды майдангерлерді, Ләззат пен Сабирадай  қайсар қыздарымызды атаусыз қалдыра алмаймыз. Олар да кешегі батыр аналардың жолын жалғаған, елдігіміз үшін, өр рухымыз үшін аянбай күрескен намысшыл аруларымыз еді. Сол намысты да рухты қыздарымыз бен аналарымыздың ізбасарлары  егемен елден көптеп шыға бергей.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота