NaumovaAlina
16.07.2022 18:17

.Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз. Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған. Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты: — Қалай, саған сапарымыз ұнады ма? — Әке, бұл бір ғажап болды! — Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? — деп сұрапты әкесі. — Иә, көрдім. — Ал осыған қарап не ұқтың? Ұлының жауабы: — Біздің үйде бір итіміз болса, олардың төрт төбеті бар екен. Бақтың ортасында біздің хауызымыз болса, олардың ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін шексіз, шетсіз теңіз айлағы бар екен. Бақшамызда шам жағамыз, ал олар жарықты жұлдыздардан алады. Біздің ауланың сыртында патио бар, ал оларда — керілген көкжиек. Ұлының жауабын естіген әкенің тілі байланып қалыпты. Ал ұлы сөзін былай жалғапты: — Әке, көп рахмет, сен маған біздің қаншалықты кедей екендігімізді көрсеттің. Бәрі де мына жарық дүниеге қандай қырынан қарауыңа байланысты болып отыр ғой. Шынайы сүйіспеншілігі, достары, отбасы, денсаулығы, жақсы көңіл күйі мен өмірге құштарлығы бар адамда бәрі де болады! Алайда жоғарыда көрсетілгеннің ешқайсысын да ақшаға сатып ала алмайсың. Ойыңа келген материалдық игіліктердің кез келгенін сатып алуға болады, тіпті келешекке қор жасау мүмкіндігі де бар. Бірақ көңілің тоқ болмаса, жан-дүниең қаңыраған бос болса, бұның бәрі бекер, құр әурешілік, өзің де қуыс дөңбексің! Сенен не үміт, не қайыр?!
Сұрақтар:
-Кедейшілік дегеніміз не?
-Кедейшілікті неден көруге болады?
-Баланың жауабынан өзіңе не түйдің?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
новенькая10
03.12.2022 02:47

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
KaTeRiN13
26.02.2022 02:15
 Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте –  Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
   Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
  Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
   Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
 Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота