Қатынас ыдыстар Деңгейік есептер шығару 1.Қатынасты ыдыстарға сынап пен су құйылған (суретке қарау). Су бағанының биіктігі 68см. Сынап бірдей деңгейде болу үшін сол жағына қандай биіктікте керосин құю керек? 2. Цилиндрлі қатынасты ыдыстарда су бар. Кең ыдыстың көлденең қимасы тар ыдыстың көлденең қимасынан 4 есе үлкен. Тар ыдысқа бағана биіктігі 20см болатын керосин құйды. Кең ыдыстағы су деңгейі қаншаға көтерілетінін және тар ыдыста қаншаға азаятынан табыңдар. 3.Аквариум бетіне дейін сумен толтырылған. Ұзындығы 50см және биіктігі 30см аквариум қабырғаларына су қандай күшпен әсер етеді? 4.Су манометрімен жалғасқан колбадағы қысым неге тең? Атмосфералық қысым 770мм.сын.бағ.