sheramedi
04.11.2022 11:55

4. Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады? 3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып кестені толтырыңыз. Ол оқып жүр. Марат Қызық кітапты оқыды. Марат сол кітапты оқыды. Қорадағы малды санап шықтым. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Оның тәтті мәні оятар. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты. Кімді айтса, сол келер. Саулығы – 500, қозылары – 1000 екен. Атам шамамен сол болуы керек деді. Сара сабақтан қалды. Ол не себепті қалған? Ол ҚЫЗ Қызыл көйлек киген. Есімдіктің қызметі: Зат есім: Сын есім:

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kristinakomaro5
20.12.2021 16:26

ответ:Егер адамның жүрегі ұлты үшін соғып, мəңгі бірге болып қорғаймын десе бұл білімнен емес мінезден. Еріншек пен езге, жалпы еңбек етіп нан таппайтын адамға бəйге де, сыбаға да, мүше де бұйырмайды. Адам ел тұрмысын, тілін, мінезін білмесе онда одан еш пайда жоқ. Ол көш басын алып жүре алмайды. Жұрт, ел əділ, жақсы мінезді болмаса онда жұрт ісі оңға баспайды. Ондай жұрттың ісі өтірікпен ғана жүреді. Бəрі құрдымға кетіп отырады. Заң адамды қорғау, бұзақылардан қорғану мақсатында жазылады, ал адам заң үшін тумайды. Көзі көрмейтін, соқыр адам көзі керемет көретін адамнан бірақ көзі көретін болғанымен көңілі соқыр адамнан мың есе артық. Себебі, көзі соқыр адам көкірегі ояу адам,ал көзі көретін адам оның көкірегі соқыр.

Объяснение: Толықтай дұрыс.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Polybel
24.01.2023 18:04

Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.

А өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.

Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін. Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.

Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.

Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота