jef15
21.09.2022 23:37

Ақиық ұстазы - Әбу Насыр Мұхаммед ұлы Мұхаммед Тархан Фараби туралы ойлады. Әбу Насырдың «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы
кітап» деген ғажайып шығармасын еске алды. Ол шығарманы үш рет оқып
шыққан. Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан. Ұстазы қоғамды «толық»
әм «толымсыз» деп екіге бөледі. Толық қоғамның өзі үш түрлі: үлкен, ор-
таша және кіші. Үлкен қоғам - бүкіл жеркүзіндегі ақылды адамзат; орта-
ша қоғам - белгілі бір ел, мемлекет; кіші қоғамға жеке-дара қала халқын
жатқызған. Енді осы қалалардың өзін «ізгі» және «надан» деп екіге бөледі:
«Адамдары бақытты болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бір-
лескен қала ізгі қала болады, халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп
отыратын қоғам да ізгі қоғам болады», - дейді.
…Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөледі. Бұл қалалардың халқы
бас пайдасын жұрт мүддесінен жоғары қояды, өзімшіл, менмен, мақтаншаң
келеді. Олардың ұғымынша, өмірдің ең асыл ләззаты байлықта, билікте.
Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қаласы -
осы Отырар емес пе?
Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғын-
дарының дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос,
шыншыл болады. Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойылған. Жұрт та бір-бірі-
не үнемі ізгі ниетпен көмектеседі, қуанышын қоса көтереді. Ешбір қаламен
соғыспайды, бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса, тойтарар қайраты мол. Еш-
кімге есесін жібермейді. Ол қаланың әміршісі де ержүрек, білімді, қылышты
емес, кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім.

найдите эпитеты и сравнение

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Помогите1411
18.02.2021 22:35
Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінніңалғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.Олар азайып, жылдар өткенсоң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзіннің табиғи қалпын сақтауы қажет.өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады.Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп)
0,0(0 оценок)
Ответ:
dfghngh
17.04.2023 12:29
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені а табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін.Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота