veshiyoleg
06.05.2020 02:41

«Қазақ әншілік өнері туралы не білесің ? » деген тақырыпта диалог құрыңдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ДаРоВаНиЕ
17.03.2021 12:16

д.и. менделеевтің ғылым жолындағы өрлеу жылдары.

(1847—1859 жылдар аралығындағы менделеевтің өмірі)

1847ж —тобольскую гимназиясында оқуға қабылданады.

1855ж — жылы санкт-петербург қаласындағы педагогикалық институттың - факультетін тәмамдады.

1855ж —симферополь қаласындағы ер гимназиясының жаратылыстану саласындағы ғылым негіздерінің жетекші мұғалімі қызметін атқарды.

1855—1856ж.ж —одессе қаласындағы ришельевск лицейде жетекші мұғалім қызметін атқарады.

1856 жылдары —ол « кремниий қосылыстарының құрлысы » тақырыбындағы диссертацисын жоғары дәрежеде қорғап , осы жетістігі нәтижесінде петербург қаласында «силикатты қосылыстардың құрлысы », « кристалды формалы заттардың изоморфты байланысы» атты кандидаттық диссертациясы д. и. менделеевті 1856жылы 10 қазанда « магистрі» ғылыми дәрежесін алуына негіз болды.

1857 жылы 9 қаңтарда д. и. менделеевке санкт – петербург қаласының императорлық университетінің кафедрасының доценті атағы берілді.

1857—1890 жылдар аралығында санкт-петербург қаласының императорлық университетінде оқытушы қызметін атқарды.

1865 жылы — технологиясының профессоры атағын иеленді.

1867 жылы — жалпы ғылымының профессоры атағын иеленді . сонымен қатар — екінші кадет корпусында пәні бойынша дәріс берді.

1863—1872 жылдары —санкт-петербург технологиялық институтының профессоры атағын иемденді.

1863—1872 жылдары санкт-петербург технологиялық институтында лабораториясының меңгерушісі және сонымен бірге инженерлік академия мен ущилищелерде қызмет етті.

1859—1861 жылдары ғылыми іс – сапармен гейдельберг қаласына барды.

1859жылы – д. и. менделеев ғылымын жетілдіре зерттеу мақсатында еуропаға алды.

д. и. менделлев ғылым жолында заттардың ішкі құрлысын. бөлшектерін, байланысу тәртібін, агрегаттық күйін экспериментті түрде жете зерттеп, теориялық деректер мен дәйектерді нақты дәлелдермен көрсете білді.

гейдельберг университетінің ғылыми орталығында шетел ғалымдары

бунзен, г. кирхгоф, г. гельмгольц, э. эрленмейер дж. у. гиббсом бірге жұмыс жасап, р. бунзенаның ұқыпты, тамшылату негізінде жасалған зертханалық лабораториясында ғылыми зерттеулер жасады және сонымен қатар ұлы ғалым жалға үй алып заттарды тазарту және бөлуге арналған жеке лабораториясында өз бетінше зерттеулер жүргізді.

д.и. менделеев периодтық жүйенің негізін қалаушы ғалым

д. и. менделлеев ғылымның әр түрлі салалары бойынша: ,, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. ол « негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. бұл оқулық нағыз энциклопедиясы еді. менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. « негіздерімен» айналыса жүріп, ол қ элементтердің атақты периодты системасын да жасады. д. и. менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастап ең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 қ элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін қ элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды. өзінің системасына сүйене отырып, менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. сондай-ақ ол ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды. көптеген елдердің ғылым і қ элементтерді жіктеудің әр түрлі тәсілдерін ұсынды. бірақ олар барлық элементтерді бір жүйеге келтіретін байланысты таба алмады. бұл міндетті орыс ғалымы д.и. менделеев ашты. қ элементті жіктеуде д.и. менделеев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. бірақ олар топтастырылып қана қоймай , оларды бір жүйеге келтіру үшін бүкіл элементтерді өзара байланыстырылатын заңдылық іздеді. бұрынырақта әрбір туыстас элементтер басқа топтармен байланыстырылмай жеке дара қаралды. ал д. и. менделеев ұқсас және ұқсас емес элементтер арасындағы байланысты атомдық массалары және валенттілігіне сүйеніп қарастырды

0,0(0 оценок)
Ответ:
ValeraSmirnov213123
25.11.2022 23:26
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота