Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Павлодардың орны ерекше.
Павлодар қала ретінде XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО, көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-химия, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..
Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Уақыт алтыннан қымбат.
Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе алтынға балаған.Себебі әрбір уақыт қымбат.Уақыт бізбен санаспайды,тез өтіп кетеді.Сағатты сатып алуға болады ал уақытты сатып алуға болмайды.Сондықтанда әрбір күніңді,әр сағатыңды, әр минутыңды орнымен қолдан.Әлемге аты әйгілі Энштейін қызметшісіне жарты сағаттан кейін оят,-деп тапсырма берген.Қызметшісі тынықсын,- деп оны 1 сағаттан кейін оятқанда,ол қатты ашуланып,жарты сағатымды қайтарып бер ,- депті.Ұлы адамдар әр уақыттың құнын түсінген.Уақытыңды босқа құртқанша,уақытыңды кітап оқып,спортпен айналысып тиімді өткіз.