1)Бұрын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Республикалар Одағы деген ірі империяның құрамында болған. Мұнда 15 одақтас ел болды. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың ой - арманы - бостандық, тәуелсіз болу, ешкімге кіріптар болмау, ата - баба салттарын бойға сіңіру, өз байрағын көкке көтеру. Сондықтан біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда қазақ елі көп қиындықтарды бастан кешірді. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку