бүгінде қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи минералды ресурстарды мейлінше үнемдеп, пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. еліміздің қазіргі қарқынды қ , күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы соңғы кезде энергияны үнемдеп жұмсау мәселесін мемлекеттік деңгейге көтерді. міне, сондықтан да, әрбір азамат, барлық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті түсініп, оған өз үлестерін қосуы тиіс. бұл еліміздің тиімді ға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға әсерін тигізеді. мамандардың айтуынша, біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз. энергия үнемдеудің негізгі мақсаты ң барлық салаларында, тұрғын үй секторында және тұтас алғанда елімізде энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Азық – түлік дүкенінде.
Қазіргі таңда дүкеннен кез – келген тауарды сатып алуға болады. Кішігірім дүкендер ет дүкені, көкөніс дүкені, азық – түлік дүкені, жуғыш заттар дүкені, балалар дүкені т.б. болып бөлінсе, сонымен қатар үлкен супермаркеттерде осы аталған заттардың барлығы бір жерде түрлі бөлімдерге бөлінген. Ал қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқандықтан, бұл өте тиімді, әрі ыңғайлы, себебі барлық дүкендерді шарламай керек – жарақтың бәрін бір жерден сатып алып, өзіңе ыңғайлы жолмен есеп айырысу мүмкіндігі бар.
Мен анаммен дүкенге барғанды ұнатамын. Біз көбінесе тәулік бойы жұмыс істейтін «Магнум» супермаркеттер желісінен үйге керекті азық – түлік пен басқа да қажетті заттарды бір жерден сатып аламыз. Әдетте, анам керекті заттар тізімін жазып, өзімен бірге алып жүреді. Мен, әсіресе, көкөніс пен жеміс – жидек бөлімінде сауда жасағанды ұнатамын – бұл жерде әрбір сатып алушы өзіне керегінше көкөністер мен жеміс – жидектерді таңдап, өзі таразыға салып өлшеп, бағасын жапсырады. Анам маған бұл бөлімде заттарды таразыға салып өлшеп, электронды таразының батырмасын өзіме басуға рұқсат береді.
Ал сіздің отбасы керекті азық – түлікті қандай дүкеннен сатып алады?