remixzx60
02.02.2022 11:01

"Сөз таптары сөйлейді" тақырыбында эссе жазу. Эсседе әр сөз табының ерекшеліктері көрініс табу керек көмек берінізші

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
мадина523
30.06.2021 16:46

іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


        Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.


        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.


        Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

0,0(0 оценок)
Ответ:
Nicolay93
09.07.2020 08:20

Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесі бір деммен оқылатын ғылыми фантастикалық тақырыпта жазылған. Шынымды айтсам бұрын бұндай тақырыптағы әнгімелерді мүлдем оқымайтынмын, бірақ бұл әнгіме ерекшеленді. Себебі бұл жай ғана әнгіме емес үлкен терең мағыналы әңгіме.                              

Қысқаша тоқталсақ, шығарманың басты кейіпкерлері Мерген мен Сартай планетолог әкесімен бірге Айға сапарға барады. Экспедиция нәтижесі Айдың белгілі бір күрделі себептердің нәтижесінде тіршіліксіз тоқтап қалғанын дәлелдеді. Бұл себептердің бірі тазалық сақтамау. Бізде соған жақындап келеміз.

Қазіргі таңда көптеген қоқыстың өнделмей, тасталып, жердің құнарлығын төмендетіп жатқанын байқауға болады. Бұл үлкен мәселе, бірақ оны шешуге болады. 2020 жыл Қазақстанда волонтерлер жылы. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Неге бірге өз қаламызды тазаламасқа, ағаштар отырғызып игі іс атқармасқа?! Бұл біздің Озон қабатын кішкене болсын сақтап қалуға көмектесер еді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота