DarinaKachilova0910
27.10.2021 17:42

Мәтінді оқып, оның мазмұнын бірнеше сөйлем көлемінде баяндап жазыңыз. Тақырып қойыңыз.

Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету”

сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.

Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының

синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік

экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер

арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың,

әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге

қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.

Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы

әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-

қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда

тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен

бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери,

рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың

ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік

биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша

басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп,

қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға

қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып

табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін

пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды.

Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер,

ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. — биліктің экономиялық

ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор

саналатын а демографиялық ресурс ретінде бағаланады.

Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап,

дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік

процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының

маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның

заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі

әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар

мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе

қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып,

қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының

әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай — монархиялық

(абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және

парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне орай — унитарлық,

федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай — тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай консервативтік,

неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық

болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі

тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың

арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік

тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын

қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып,

құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.

Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады.

Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және

олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.

Билік әртүрлi түрде қолданады:

билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс icтeyге мәжбүр

етеді)

билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады)

билік, басшының ықпалы негізінде, кең білімді

билік, басшының жеке қасиеттінің күшімен орнаған

заңды билік, дәстүрлі, сатылы бағыну.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
секрет93
08.05.2023 14:06

Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Антонggez
13.02.2020 17:31
-Алдыға қарай өтіңіз,қазір біз бағалы және жартылай бағалы тастар жиынтығын қараймыз.
-Тағы да біз металл және металл еместерді көріп тұрмыз, бұл жиынтықты бізге археолог әйел сыйлаған болатын.
-Жомарт әйел, оған рахмет
-Енді біз тау-кен техникумының қайнар көзі  болып табылатын  директорлардың суреттерін тамашалаймыз.
-Ең ұзақ уақыт аралығында директор болған кім?
-Куценко, енді біздің мұғалімдеріміздің суреттерін қараймыз
-Міне Әлия Бейсенбаева, әне Сәуле Ибраевна, әлі тым жас , ал біздің куратор Андрей Серикович қайда?
-Оның жұмыс істеп жүргеніне тек 2 жыл болды, сондықтан біз оның суретін қоймадық. Сізге ұнады ма?
-Иә, өте
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота