lolipop101
03.02.2023 19:58

Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе? Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Сондай-ақ, ғаламторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар.
Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғалымдар қазіргі таңда адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағып отыр. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен су іспетті өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады.
Ақпараттық технология ғасырында ғаламторсыз өмірімізді елесету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуелділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз. Одан тыс уақытыңызды спортқа, өзіңізді дамытатын істерге жұмсауға дағдыланған жөн.

1-тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарға

жауап беруде мәтіннен деректер келтіріп,

ойыңызды өрбітіп ( дамытып) жазыңыз.

Сұрақтар:

1) Бүгінгі қоғамда ғаламторсыз өмір

сүру мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?

2) «Ғаламторды тиімді пайдалану»

дегенді Сіз қалай түсінесіз? Оны

тиімді етудің қандай жолдары

бар?

3) Ғаламторға тәуелділікті

психологиялық мәселе ретінде

қарастыруға бола ма?

4) Адамның ғаламторға тәуелділігін

қалай анықтауға болады?

2-тапсырма Мәтіннен 3 есімшесі бар сөйлемді, 3 көсемшесі бар, 3 тұйық етістік, 3 шақ, 4 рай түрлеріне сөйлемді тауып жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
bahromt1999200
22.03.2021 19:57

Зорлық – зомбылықтың түрлері :

- эмоциалық зорлық

- физикалық зорлық

- экономикалық зорлық

- жыныстық зорлық

- қауіп- қатер

- балаларды анасына қарсы қолдану

- қорқыту

- айналасындағылардан оқшаулау

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз.

Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
shakirqasanov
21.01.2023 04:09

Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота