Қазақ жері өте тәртіпті ел. Қазақ жерінің ұлттық тілі, өнері болғандай, әрине ұлттық дәстүрлері де толып жатыр. Әр дәстүрдің өзіндік мағынасы болады. Яғни, қазақ жерінің ең танымал да жиі қолданылатын "тұсау кесер" дәстүрі баланың жүргенінде жасалынатын дәстүр болса, "Беташар" дәстүрі келін түсірерде болатын дәстүр, ал "Тіләшар" дәстүрі баланың мектепке қадам басқандағы кезде болатын дәстүр. Осыдан басқа да дәстүрлер өте көп. Оны санау мүмкін еместе шығар. Осы дәстүрлердің бар екені бізге ата бабамыздан келе жатқан асыл мұра екендігін, әр жетістікке жеткен кезініңде туған туыстарың мен атап өткеннің бақыт емеспе? Қазақ жері салт дәстүрге өте бай халық
Қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы
Құрманғазы жастайынан жұрт назарына ілікті. Оны күй өнеріне баулыған әрі алғашқы ұстазы Ұзақ күйші болатын. Бала Құрманғазы ұстазымен ел аралап, қара домбырасымен талай сайыстарға қатысты. Сол кездегі Бөкей ордасының атақты күйшілері Байжұма, Баламайсаң, Байбақты, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, шеберлігін шыңдай түседі.