pershikovanata
07.05.2020 23:49

-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы.
Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші түнде жауын болғандықтан,
жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Біреу өгіз, бi-
реу ат, біреу түйе, қайсыбіреу саралас жегіп, қым-қиғаш қимылдаған жұртты
Олжабек пен Жамал көріп келеді. Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай
дауыстарды да құлақтары анық естіді:
- Әй, егеуді қалдырма, егеуді!
- Тоқта, доғарылып қалды!
- Аналар барып жырта бастады.
- Мәулікейді оятыңдар, Мәулікейді!
Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған
ЖОҚ.
Көз алмай қарап келе жатқан Олжабек қабағын бір шытып күбір етті:
- Жұмыстарында өнім жоқ.
Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиек-
тей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп, солардың қасына
тоқтады. Егіншілердің көлігі бастықпай, өздерімен өздері әуре болып жүр,
бұларға қапелімде қарай қойған жоқ. Олжабектің көзі көліктерде.
«Ана сиыр бұзау бере ме, енді?! Обал-ай!» ... деген ойда тұрғанда:
О, жігітім, жол болсын!, - деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.
Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп, Олжабек:
Ассалаумалейкүм! - дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс
етті.
Егінші де күліп жіберді.
— Е, бәсе, жасың кіші көрінеді ғой, шырағым! — деді де сорайған мойнын
Соза түсіп Жамалға: - Есенбісің, балам! Ал жөніңді білдір. Танымадық,
деді Олжабекке,
Олжабек жөнiн жөнді айтпады. Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі
жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін
адам еді, білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...
Отағасы, сонымен, Колхоз егінін салып жатырмыз де.
Иә, шырағым, әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой. Тәңірі тек оңын
берсін!
— Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?
— Колхозсыз жер бар дейсіз бе?
— Кім қалпында отыр дейсіз?
— Бәсе, «ел-елдің бәрі-ақ осыған келді», - деседі ғой.
— Дегенмен «Ортақ өгізден оңаша бұзау» жақсы да.
Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман – бір ме? Заманына қарай
амалы да бар емес пе?!
составить 5 вопросов

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ulamaishka567
26.01.2020 16:31

Әрқайсымыз үшін бұл өмірде ата – анамыздан жақын әрі ыстық адам табылмас. Ата – анамыз біздерге осы өмірге келуімізге себепші болып, жарық дүние сыйлады. «Анадан асыл бар ма жан?» демекші, аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі.

Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.  

Менің ойымша баланың ата – ана алдындағы ең бірінші парызы – бұл кісілерді сыйлап, олар үйреткен тәлім - тәрбиені есте ұстап, ешқашанды жерге қаратпау. Ата – ананы сыйлау кішкене күннен қалыптасып, есейе келе ата – ана мен бала арасындағы достық қарым – қатынасқа ұласады. Өз басым ата – ананы сыйлау дегенді былай түсінемін: үлкендердің айтқанын екі еткізбей орындау, үлкен кісі сөйлеген кезде сөзін бөлмеу, қарсы жауап қайтармау. Ата – ананы сыйлау – бұл біздің перзенттік парызымыз.

Ендеше әкелеріміз бен аналарымыз – өмірдің мәні де сәні екенін есте ұстап,ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі,  дәнекері екенін ұмытпайық!

0,0(0 оценок)
Ответ:
alinapavlova
26.12.2022 10:29
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап,  есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі  сенің  «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен  де сол жерге дейін барып  биік шындардан  көрінерін анық.
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.
Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота