
Наурыз туралы.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Биылғы жылғы Наурызда қала әкімі барша тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Үйде де әжем бізге Наурыз көже пісіріп, ыстық бауырсақпен керемет көже іштік. Апам да шайға тәттілер әзірлеп, шелпек пісірді. Көршілерді қонаққа шақырып, бірге отырып шай іштік. Наурыз – біздің сүйікті мейрамымыз.
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп — 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған.
Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1918-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш өсіруші болған.
Нұртөре Байтілесұлы (1984) жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолының алғашқы баспалдағы Павлодар облыстық қазіргі Сары арқа самалы бұрынғы Қызыл ту газетінің агроөндірістік бөлімінің тілшілігімен басталды. Осы газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
(1990-1996) жылдар аралығында Республикалық Егемен Қазақстан газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. (1996) жылдың мамыр айынан бастап (2002) жылдың сәуір айына дейін республикалық Жас Алаш газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Нұртөре Жүсіп басшылық еткен осы кезең ішінде газет Алтын жұлдыз-2000 сыйлығына ие болды.
Нұртөре Жүсіп Ақ жол Қазақстан, Астана хабары газеттерінің бас редакторы, Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры болды. (2008) жылдан бері республикалық Айқын газетінің директоры-бас редактор.
Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, ҚР жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Президент сыйлығының және Қазақстан журналистер одағының, Б. Бұлқышев, С. Садуақасов атындағы сыйлықтардың иегері.
ҚР Журналистер академиясының және Гуманитарлық Академияның мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері атақтары бар. (Халықаралық ПЕН-клубтың вице-президенті), (Қазақстан МЕДИА-АЛЬЯНС ұйымы) төрағасының бірінші орынбасары. Қазақстан Президенті жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі Ұлттық комиссияның және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Үкіметі жанындағы Онамастика жөніндегі республикалық комиссияның, "Нұр Отан"партиясы Алматы қалалық филиалы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Құрмет орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен, "Тіл жанашыры" төсбелгісімен марапатталған. (2014) жылы "Халықтың сүйіктісі" атты республикалық конкурстың "Ең өткір публицист" номинациясының жеңімпазы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.