Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Менің аты-жөнім Жұмабай Әмина Жеңісқызы. Мен 9 жастамын. Ақтау қаласында тұрамын. Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым. Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім. Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп, бұзау айдап, құрт жасап және сиыр сауып үйрендім. Терілген өрікті күн көзіне жайып, қақ жасаймыз. Ауылда жұмыс көп. Мен ауылды өте жақсы көремін. Ауылда адамдар еңбекпен көп шұғылданады. Менің төрт бауырым бар. Олардың жастары менен кіші. Мен ең кіші сүйкімді інім Ахметті жаз бойы қарадым. Ол жеті айлық. Анама бала қарауға, жаялық жууға, үй жинауға жәрдем етемін. Анам - мұғалім, әкем - қызметкер. Олар әрқашан жұмыста, оқуда. Маған анам айтады: «Сен үйдің үлкенісің бауырларыңа мейіріммен қарасаң, олар өскенде саған өте мейірімді болады», дейді. Мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, маған анам Джеймс Гринвудтың «Өгей шеше» атты кітабын әперді. Кітап маған қатты ұнады, жылағым келді. Себебі, кітап өте аянышты. Өйткені, өгей шеше баланы қатты қинайды, ұрады, тамақ бермей қояды. Бір күні кішкене қарындасын құлатады. Өгей шеше ұрады, бала қашып кетеді. Баланың қиыншылық көргендері суреттеледі. Мен кітапты оқып бітірдім. Міне, біз Ақтау қаласына да келдік. Жазғы демалысым мен үшін өте қызықты өтті. Сабақ басталады, енді сабаққа дайындалу қажет. Мектептегі достарымды сағындым.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку