Жазғы демалысымды қалай өткіземін?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.
Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.
- -л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым мен білімнің қара шаңырағы. Университет түлектері қай салада болсын тәжірибелі жұмыс жасап келеді. Олардың жасаған еңбектерінің арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Сондықтан олар бүгін қаражат жинап, ұшқан ұясын ұмытпай, жастар үшін осы бір сәулетті қақпаны орнатты. Оларға алғыс білдіреміз. Жақында университет студенті Дмитрий Баландин Олимпиада чемпионы атанды. Оның жетістігін Тәуелсіздігіміздің 25 человек в университете селагор зор жетістігі деп білемін. Рақмет, Дмитрий - деді қала әкімі.
Салтанатты қақпа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Мәңгілік ел» идеясін бейнелеп тұратын ҚазҰУ