ответ: Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Ақылы, өресі жағынан барлық жан-жануарлардың ішінде жылқы иттің алдында, яғни, бесінші орында тұр.
Жылқының пайдасы:оның сүті қымыз деп аталады. Қымыз адамдарға өте пайдалы əрі əр түрлі ауруларға ем.
Басқа көптеген жануарларға қарағанда жылқы айналасын түрлі түсті реңкте көреді. Бірақ қызыл мен көк түсті ажырата алмайды. Тағы бір қызығы, жылқының көру аумағы 360 градус екендігі. Яғни, жылқы бір бағытқа қарап тұрғанда тек алдын ғана емес, арт жағын да толық көріп тұра алады. Сондай-ақ, жылқының көзі түн ішінде де өте жақсы көреді.
Жылқы арқылы қазақта ұлттық ойындар ойналады. Мысалы көкпар,қыз қуу тағы басқа
Жастардың жеті атаны жатқа біліп, танысқанда ру сұрасуы міндетті. Оның маңыздылығын ата-ана үйде балаға күнделікті айтып отыру керек. Бұл – бұрыннан келе жатқан қазақтың заңы. Осының негізінде жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі сақталған. Оған қоғам түбегейлі қарсы. Өйткені, қан араласса одан дені сау бала туылмайды деген түйсік қалаптасқан. Яғни, жастарымыз сезімнің әсерімен ертеңгі күні опық жеп қалмауы тиіс. Сондықтан да білгенді айтып отыру, бізге міндет. Балаға әкеден бастап, ағайын-туысты, нағашы жұртты, алыс-жақынның кім екенін ұғындырып, ата-тегін, руын санасына сіңіріп өсіруіміз қажет, –