den193p08o5z
30.05.2021 12:54

7. Мәтіндегі пікірді негізге алып, аргументативті эссе жазыңдар. Өздерің балаларға қандай қуыршақтар ұсынар едіңдер? Жай сөй- лем түрлерін ажыратыңдар. «Қыпша бел Барбиді қазақтың Қарақат қызына ауысты- ратын уақыт жетті» деп есептейтін Қыдырәлі Болмановтың балаларға арналған қазақы ойыншықтарының ішінде Тазша бала, Алдар Көсе, Ер Төстік сияқты аңыз-ертегілерінің ке- йіпкерлерімен қатар, «Айгөлек» әнін айтатын Сүркөжек пен әнұранды шырқайтын Барыс та бар. «Жас ұрпақтың пат- риоттық сезімі терең қалыптасып, өз ұлтының тарихы мен салт-санасын жадына сіңіріп өсуі үшін, оларды қазақ тілінде ән салып, би билейтін қуыршақтармен толық қамтамасыз еткім келеді», - дейді Қыдырәлі Болманов. (www.azattyq.org)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vovavk1
16.05.2021 07:57

Мәтіннің негізгі ойы домбыраның қасиеттілігінде.

Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз.

Ақындық өнер - сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі.

Суырыпсалмалық - белгілі бір тақырыпқа колма-қол өлең шығарушылық өнер.

Әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері.

Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Danuaple
13.05.2022 00:45
Сөйлеу стилі адамдардың бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасында ауызекі тілдесу түрінде жүзеге асатыны белгілі, яғни бұл жерде тілдің коммуникативтік функциясының баса сезілетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым екендігі, күнделікті өмірдің барлық саласында тілдің қызмет ететіндігі, бірақ тілдік жүйені пайдаланудың әртектілігі    түсіндіріледі.    Сыныпта    оқулықта    берілген    жаттығуларды

орындатып, тапсырмалар бойынша сөйлеу стилін игерту, тілдік құбылыстарды талдау және оларды практикалық қажеттілікке айналдыру шеберліктерін жетілдіру жолдарын көрсететін шығармашылық жұмыстарды жалғастыруға болады. Мысалы: күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу; жиналыстар мен радио, теледидардан сөйленген ауызекі сөз үлгілерін салыстыру, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Мәселен, радиодан, теледидардан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып келгенмен, тілдік құралдарды пайдалануда әдеби норма ескеріледі. Ал енді ауызекі сөйлеудің қарапайым түрінің лексикасына диалектілер, қарапайым сөздер еніп кетіп отырады. Бұл — дайындықсыз сөйлегенде қолданылатын түрі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота