ер азамат – елдің тұтқасын ұстайтын тұлға, отаны мен отбасының қорғаны. осы орайда нағыз жігітте болар қасиеттерді
қиялшылдық
жігіттің бойындағы ең бағаланатын қасиет оның қиялшылдығы. бұл дегеніңіз өз сезімдері мен эмоциясын шығара білу қасиеті боп саналады. бойжеткен жігіттің шын жүректен жасалған күтпеген тосын сыйын ерекше жақсы көреді.
әзілдесе білу
қандай жағдай болмасын қыздың көңілін көтере біліңіз. оның бөтен ойларға берілмеуін қадағалаңыз. мүмкіндігінше жұмсақ әзілдесіп, жүрегіне жол табыңыз.
жақсы әзіл – кез келген келеңсіз жағдайды өз пайдасына шешу жолы. қыздар іш пыстырарлық жігіттерді онша ұната бермейді. егер қызбен бірінші рет жолығатын болсаңыз осыны есте ұстағаныңыз жөн.
сенім
жігіттің өзіне деген сенімділігі қыздың жүрегін жаулап алудың бірінші жолы. жігіттер секілді қыздар да олардың сенімді болғанын қалайды. сенім бар жерде махаббат бар.
берік сенім – ертеңгі махаббаттың, отбасылық өмірдің бастауы. қыздар өзін жігіттің жанында еш қауіпсіз сезінгісі келеді.
адалдық
қалай болғанда да адалдықтан артығы жоқ. қай жігіт, қай қыз өз серігінің адал болғанын қаламасын? ! адалдықтың арғы жағында, ең түбінде шынайы сыйластық, мөлдір сезім жатады. сөзіңізбен емес, оны ісіңізбен дәлелдеңіз.
қызықты әңгіме айта білу
үнемі футбол жайлы, автокөлік жайлы және бітпейтін әзіл әңгімелер қызды жалықтырып жіберуі мүмкін. қызықты тақырыпта әңгіме айта біліңіз.
мысалы: саяхаттар, әйгілі тұлғалар жайлы. әйтсе де, қыздың ыңғайына қарай әңгіме қозғаңыз. ол неге қызығушылық танытады, әңгімеңіз сол жайында болсын.
жомарттық
әңгіме ақша жайында болса оны жұмсау туралы ой қозғаңыз. қаражатты қайырымды істерге, пайдалы нәрсеге жұмсау керектігін айтыңыз. жігіттің жомарттығы - жақсы қасиет.
ер жігіт қашанда өз-өзін асырай білу керек. керек жағдайда орынды іске қаражатты аямай жұмсаса қыздың да сізге деген ойы өзгереді.
әдемі киіне білу
жігіттің сымбатты болуы, оның сәнді киінуі әрқашан бойжеткендердің назарында. сәнді киіну-киінбеу емес, мәселе сіздің қаншалықты ұқыпты киінетініңізде.
жараспайтын киім кию - жігітке жат. жігіттің іші ғана емес, сырты да сымбатты болуы қажет. киген киіміңіздің тазалығына, қонымдылығына және жинақылығына мән беріңіз.
Дүкендердің де Гиннестің Рекордтар Кітабына енетінін бұрын соңды білуші ма едіңіз? Әрине, айтып отырғанымыз сіздің күнделікті көріп жүрген қарапайым дүкендер емес, ең таңдаулысы ғана. Мәселен, әлемдегі ең үлкен дүкенді көргіңіз келсе, Оңтүстік Кореядағы Пусан қаласына сапар шегуге тура келеді.
Осы алпауыт кореялық порт және Оңтүстік Кореядағы көлемі жөнінен екінші үлкен қала өзінің Shinsegae компаниясы тұрғызған ерекше дүкенімен мақтана алады. Дүкеннің алып жатқан аумағы 293 905 шаршы метр. Ашылу салтанаты 2009 жылы болып өтті.
«Синсэге Сентум Сити» - бұл жай ғана қаланың көркін келтіріп тұрған дүкен емес, мұнда сіз сауда жасап қана қоймай, тамақтанып, кино қарай аласыз, спортпен айналысасыз, саунаға немесе түрлі ойын-сауыққа арналған бөлмелерге бас сұғуға болады.
Ғимараттың құрылыс жұмыстарына американдық Каллисон және итальяндық Клаудио Сильвестрин сынды өте танымал сәулетшілер қатысқан болатын.
Ал әлемдегі ең үлкен сауда орталығы(бір аумақта бірнеше дүкен орналаса алады) Біріккен Араб Әмірлігінің ең алып қалаларының бірі Дубайда бой көтерді. Дубай Моллдың ішкі аумағы 548 127 шаршы метрді құрайды. Шопингтің көкесі осындай дей беріңіз!
Дубай Молл әлемдегі ең биік мұнара Бурдж Халифаның жанында орналасқан. Жан-жақты әрі озық үлгіде безендірілген ғимараттың ашылу салтанаты 2008 жылдың қараша айында өтті.
Елу футбол алаңы сыйып кететін осыншама үлкен ғимаратта не бар дейсіз бе? Тізімімен танысып шығыңыз:
1200 дүкен Олимпиадалық сайыстарды өткізуге де болатын өте үлкен сырғанақ әлемдегі ең үлкен жабық аквариум Galeries Lafayette универмагы KidZania балаларға арналған ойын-сауықтыру кешені Gold Souk атты алып алтын базар SEGA тақырыптық саябағы The Grove ажырамалы көшесі 22 кинозал 250 нөмірлік(люкс) қонақ үй 120 мейрамхана және кафе 14000-нан астам көлікке арналған автотұрақ