МикаАбакирова
09.02.2022 16:23

2-тапсырма Мәтіндерді оқып, олардың стилін анықтаңыз және сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.
А мәтіні
Өмірбаян
Мен, Абдулхамит Мархабаев 1938 жылы 18 сәуірде, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келдім. Мамандығым –жазушы. 1997 жылы профессор, 2001 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алдым. 1964 жылы ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітіргенмін. Одан кейін, 1964 – 1967 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 –1976 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті, 1976 – 1985 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981 – 1982 жылдары Қазақ КСР баспа және полиграфия істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985 – 1987 жылдары Қазақ орталық мұражайының сектор меңгерушісі қызметтерін атқардым. Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметтемін.
1959 жылдан бастап республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастадым. 1972 жылдан бастап, 2008 жылға дейін «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағым т.б. ондаған фантастикалық көркем шығармаларым жеке кітап болып шықты.
1978 жылдан бастап, 2008 жылға дейін фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында монографияларым жарық көрді.
Өзімнің «Ғарыштағы қымыз» атты әңгімемде «Альфа» планетасына сапар шегіп, қонақ боп барған бір топ делегат, оның ішінде ақсақалдың оқиғасымен өрбиді. Бұл жерде Нептун, Сатурн планетасының аты аталады. Өзге планетаға қонақ боп барған, ақсақалдың кенеттен құлауы, роботтың ақсақалға көмек беріп, ұстап қалуы, жат планетадағы роботтардың ақсақал өмірін аман алып қалуы үшін, істеген әрекеттері әңгімеде өте қызық баяндалады.

Ә мәтіні
Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге белгілі жазушы Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри Поттердің басынан кешкендері» атымен жарық көрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның жалпы таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл еуропаның аңыз кейіпкерлері мен мифтік жануарларын Роулингтің ғажайыптар әлемінен таба алады екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған.
Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді. Негізі шотланд аңыздарында гоблиндер өте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге өзгеше мінездеме беріледі. Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), өте еңбекқор (Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.
Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз көзді өрмекші. Көне кельт аңыздарында кездесетін өрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сөйлей алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол Хогвартсты айнала қоршаған орманда өмір сүреді. Жалпы тұқымның америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған.
Мантикора (ағыл. Manticore) – грек мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан алынған өте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора өзінің кезекті асын өлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның уы қылт етпей өлтіреді.

Мәтіндердің стилі

Мәтін аудиториясы (кімге арналған)

Мәтіннің рәсімделуіндегі айырмашылықтар

Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
новичок604
12.05.2021 10:28
Өңделген ет. Қатерлі ісік ауруларын зерттейтін институты сүрленген, мұздатылған, тұздалған, химиялық консерванттар қосылған ет ас қорыту жолдарының қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін деп тұжырымдады. Консервіленген, құрамында өте көп тұз, май, холестерин бар бұл етте пайдалы заттар да қалмайды.Мұздатылған тағамдар. Мұздатылған астар қазірде әлем бойынша танымалдыққа ие бола бастауда. Дайын тамақты жемес бұрын жылытады. Бұндай тамақта калориялар шамадан көп, натрий мөлшері тым көп болады.Бәліш сияқты ұн өнімдері. Ішіне калориялы салындысы бар, қуырылған бәліштерде трансгенді майлар, қант, ақ ұн сияқты пайдасыз заттар бар. 10-20 грамм майға қоса 250-300 "бос калориялар" бар.Картоп қытырлақтары. Мәселе оның ішінде салмақ жинайтын зиян көмірсулардың болуында ғана емес екен. Картоп қытырлақтары мен фри картобында акриламид есімді канцероген бар. Ол тамақты жоғары температурада дайындағанда пайда болады. Бұл жыл сайын бірнеше мың қатерлі ісік ауруының туындауының себебі.Майсыз тамақтар. Қорабында "майсыз", "май үлесі 0" деген жазуларға алданбаңыз. Майдың аздығынан дәмін жоғалтқан тағамның дәмін келтіру мақсатында өндірушілер құрамына тұз, қант, басқа да қоспалар қосады. Диетолог мамандардың айтуынша, ондай тамақтан гөрі, кәдімгі (майлы болса да) тағамдарды таңдаған дұрыс.Маргарин. Маргарин құрамында холестерині жоқ, сары майға жақсы балама деп саналады. Алайда оның құрамында сол холестеринді көбейтіп, қан жолдарын зақымдайтын трансгенді майлар өте көп. Оны мәңгілікке рационыңыздан алып тастап, табиғи майлармен ауыстырыңыз.Газдалған су. Газдалған сусындарға құмар болу - артық салмақ, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты нәтижеге алып келе алады. Бір бөтелке газдалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес, анда-санда ішетіндердің өзі ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Жүрек-тамыр аурулары, диабет - міне, газдалған сусындарды сүйгіш жандардың болашағы.

Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Лина5678
23.02.2023 01:48
1 Абай Құнанбаев атақты ақын.2Абайдын əкесі-Өскенбаев Құнанбай.3Абайдын шешесі-Ұлжан.4 Ақыннын əжесі Зере онын тəртібіне ертегілер,поэмаларды,аңыздарды айтып үлкен үлес қосты.5.Ол кішкентайынан халықтық поэзияларды,ақындарды тындагагынды ұнатқан.Содан ол оларға қарап өзіде өлендерді жазған.6. Медресе-Абайдын окыган жері.7. Абай Семипалатинск кітапханасында.8.Абай өзін политикада да сезінді ол сайлауда ұтып 3жыл бойы мықты хан болған.9.Абайдын өміріне улкен үлес қосқан ақындар,шығыстын ғалымдары,танымал гумманитикалық қөзқараспен-Абул Касим Фидроуси,Алишер Новои,Абу Али Ибн Сина жəне т.б.10. Абай Орыстын,Европонын əдебиетімен қызыққан ол Пушкиннын,Лермонтовтын,Гакенын жəне т.б.11.Ол Қара Соз китабынын авторы ол 45 болимнен турган олар политика тарих педогогика туралы жазылған.12. Ол поэзиядан баска мелодиямен айналаскан.Ол қазірге кундердікіде күніне 20 мелодия жазған қазір онын"Қөзімнін қарасы"өлені қазір ұлттық өлен болды.13.Абайдын үй-мұражайы Семипалатинскта.14. Абайдын ескерткіші Байконурда.15.Абайдын ескерткіші Алматыда.

Надеюсь нету грубых ошибок:)
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота