Объяснение:
Астана - арман қала.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Ағылшын халқында ең алғашқы сәби
дүниеге келісімен (бай болса да)
отбасындағы бар байлық тек сол балаға
ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні,
сіңлілері болғанымен оларға ештеңе
берілмейді олар өз тірліктерін өздері
жасайды. Француздар мен немістерге
қарағанда ағылшындар қыз баланың
жасауына да аз көңіл бөлген. Олар
баланың өмірін қамтамасыз еткеннен
гөрі, олар талпынған сәтте ұядан
итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға
жағдай жасайды.
Ағылшын ата, әжелері өз немерелерін
өте жақсы көргенімен, тек сенбі,
жексенбі күндері ғана немерелерін
қонаққа шақырып, күтеді немесе ата-
аналары демалыста жүргенде бір-екі
апта ғана немерелеріне қарағанымен,
олар немерелерін қанатының астына
алуға ешқашан да келіспейді.