natusy2411
06.02.2022 22:06

Ссоч по казахскому 6 класс 3четверть​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ga77
25.12.2020 17:55

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

0,0(0 оценок)
Ответ:
agapovaa2002
26.11.2020 15:10
Ауыз әдебиеті әңгіменің бір саласы – аңыз.  Аңыз негізінде  әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.

Аңыз белгілі  бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен  қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан  алғанда аңыз  бен ертегі  екеуінің  арасы жақын. Негізгі айырмасы – аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта  шын  болған, кейін сондай адам болыпты-мыс  деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.

Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде  тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына  істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні  зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр,  не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен»  шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін.  Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен  байланысты  айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа  қалдырады.

Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған  адамның өзі  кәдімгі қарапайым адамның  қатарында  қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де  шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.

Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді.  Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны  әр басқа  болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше  баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға  әкеп тірейді.

Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.

Қазақ аңыз әңгімелерінде  қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота