Жаз Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда. Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- шіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.
Орманның шаруашылық және адам өмірі үшін зор маңызы бар. Орманнан қандай заттар алынады? Бұл сұраққа ағаш шебері: үстел, орындық, қарындаш, сызғыш, ағаш шкафтар, кітап сөрелері, есік терезе жақтаулары деп; қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар деп айтар еді. Себебі, мұның бәрін ағаштан дайындайды ғой. Теміржолшы болса: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер; дәрі-дәрмек жасаушылар: ағаштан алынатын дәрі-дәрмектер; инженер: жасанды, табиғи жолдармен алынатын маталар, жіптер туралы әңгімелер еді. Бұл әңгімеден агроном да тыс қалмайтыны белгілі. Орман егіс далаларын жазда аптапты ыстықтан, желден, құрғақшылықтан қорғаса, қыста ысқырған боранның қарды ысырып әкетуіне жол бермейді. «Орман – ең алдымен адамның денсаулығы» – дер еді дәрігер. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Себебі, оның ауасы таза, әрі шипалы. Жасыл ағаштар болмаса, біздің ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ деуге болады. Тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдарының орманнан алынатынын былай қойғанда, басқа да қаншама заттар бар. Мысалы, небір құнды аң терілері, жабайы кәсіптік құстардың дәмді еті мен мамығы, тіл үйіретін тәтті жеміс-жидегі, жылы, сәнді киім, төсеніш, азық-түлік, т.б. Орман – жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, мол байлықтың қасиетті қоймасы. Ол – «жайқалған жасыл теңіз», жерімізді көріктендіріп, өзінің қанық бояуымен, құстардың сайраған әсем әуенімен, жапырағының сырлы сыбдырымен адамды шаттыққа бөлейді. Жинақтап айтқанда, орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку