Байлық пен ақыл. бір шалдың төрт ұлы болыпты. бір күні шал ұлдарын жинап алып: -мен қартайдым. біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, -депті. сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -міне, менің байлығым. ал кім бай болса, сол ақылды, -депті. екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: -міне осы түрімді көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, -депті. үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейлеген белдігін буынады да: -мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді. әкесі үлкен қарап басын шайқайды да, кіші ұлына: -сен неге үндемейсің? сен қандай байлығыңмен мақтанасың? –дейді. сонда кенжесі: -менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат, жігерге толы жүрегім ғана бар, -депті. шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. үлкен інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті. - перевод