Массагет қоржынына Нұр-Сұлтан қаласындағы № 73 физика-техникалық лицейдің 7 "ә" сынып оқушысы Төлегенова Алинадан хат келіп түсті. Ол ұстаздар мерекесі алдында алғашқы ұстазына арнап шығарма жазып, алғысын жеткізіп, ақ жарма тілегін арнаған. Шығармадан ұстазға деген құрмет пен ризашылықтың самалы сезіледі. Оқи отырыңыздар.
***
Алғашқы ұстаз! Ол маған оқуды, жазуды және санауды, достасуды, Отанды, табиғатты сүюді, үлкендерді құрметтеуді үйретті. Менің жетістігіме қалай қуанып, мен үшін уайымдағаны, кейде қателігім үшін шын жаны ашып ашуланғаны да есімде. Ол маған ерекше қатал, талғампаз және талапшыл сияқты көрінді. Ең бірінші сабағым, алғашқы мектеп партасы әрқашан менің жадымнан кетпейді. Ол кезде мен алғашқы досыммен, алғашқы оқулықтармен, алғашқы марапаттармен және бірінші сыныппен кездестім... Алғашқылардың көп бөлігі бірінші мұғаліммен байланысты! Менің ойымша, алғашқы ұстаз, ол маған көп білім салды. Себебі болашақта білімді болуың – ол алғашқы іргетасыңның қаншалықты дұрыс қаланғанына байланысты.
Дегенмен қазір де мен талантты мұғалімдермен мектепте оқитыныма бақыттымын. Мен және менің сыныптастарым, біз мұғалімдерімізді құрметтейміз әрі жақсы көреміз. Біздің мектепте мұғалімдер мейірімді, жанашыр, білімді, әрқашан жақсы кеңестер бере алады. Олар өз күштерін және уақытын аямай біздер үшін еңбек етеді. Шыдамдылықпен, табандылықпен оқытатын мұғалімдерімізді әрдайым есте ұстауымыз керек.
Ел ұйқыда жатқанда мұғалімдер әлі де біздің үй тапсырмаларымызды тексеріп, кейде таңертең ұйықтауға жатады. Олар біздің қуанышпен оқығанымызды қалайды. Өздерін басқа балаларға бере отырып, өкінішке қарай, олар өз отбасы үшін аз уақыт қалдырады. Біздің мұғалімдеріміз оқушыларды түсінуге және балалардың бақытты болашағының болуы үшін тырысады. Мен ұстаздарымның маған үйреткен барлық нәрселері үшін ризамын.
Біздің мұғалімдер өздерін еңбексүйгіштікке арнағандай. Олар үшін біздің елге танымал болуымыз, адал, білімді адамдар болуымыз маңызды. Мен барлық ұстаздарға: «Бар болғандарыңыз үшін көп рахмет!» деп айтқым келеді.
#ҰСТАЗ ЖАЙЛЫ ШЫҒАРМА
#МҰҒАЛІМ ТУРАЛЫ ЭССЕ
Бөлісу:
Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік құралдарының біріне айналған. Біздің елімізде де велоспорт жақсы дамып, күнделікті жұмыс пен сабаққа велосипедпен барып келетіндердің қатары көбейіп жатыр. Егер сіз бұрын-соңды велосипед теуіп көрмесеңіз, елден қалмай, бұл денсаулыққа пайдасы мол, көңілді сергітетін спорт түрімен айналысып көріңіз. Мамандардың айтуынша, велосипед серуендерінің мынадай жағымды жақтары бар. Велосипед тебу бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады. Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады. Көлікпен салыстырғанда велосипедтің тағы да бірнеше артықшылығы бар: парковка, бензин, штраф төлеуге артық ақшаңыз кетпейді. Велосипедті өзіңіздің басты көлігіңіз ретінде таңдауыңыз экологияның жақсаруына қосқан үлесіңіз болып саналады. Велосипед қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес. Велосипедпен серуен көңіліңізді көтеріп, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл болады. Велосипед тебу – артық салмақ тастауға жақсы көмекші бола алады. Ол аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, сізді шымыр қылады. Велосипед тебу жүрек-тамыр жүйесін жақсартады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулығыңыз жақсы болады.
Велоспорт стрестен арылу мен жастықты ұзаққа сақтаудың әмбебап жолы. Зерттеулер көрсеткендей, велосипедпен әуестенетіндердің орта жасы басқалармен салыстырғанда 5 жасқа ұзақ екен. 20 жылға жалғасқан бұл зерттеуге велосипед тебетін 5 мың адам қатысты. Олардың әрқайсысы велосипедті күнделікті қолданатын жандар. Зерттеу нәтижесінде велосипедті жоғары жылдамдықта айдайтындардың өмір жасы ұзағырақ болатыны дәлелденді. Алайда велосипедті тым тез айдау жүрек аурулары бар, физикалық жаттығуларға үйренбегендерге зиян болуы мүмкін. Велосипед серуендері кезінде аяқ, сан бұлшық еттері жұмыс жасайды. Сонымен қатар іш, жамбас, балтыр, тобық та жаттығады. Бұндай спорт түрі қимыл-қозғалысында қиындықтары бар, варикозға шалдыққандарға жақсы ем бола алады. Педальдарды табанның алдыңғы бөлігімен басыңыз. Велосипед тепкен кезде қол, мойын, арқаңызды босаңсытып отырыңыз.