1. Аласа сөзінің антонимін көрсетіңіз.
Д) Биік.
2. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
Д) қас
3. Антонимдік жұпты табыңыз.
Д) Үлкен-кіші.
4. Антонимдерді табыңыз.
Д) Ақымақ-ақылды.
5. Антоним сөздерді табыңыз.
А) Жылдам, ақырын.
6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
С) Соғыс-бейбітшілік.
7. Антоним сөздерді көрсетіңіз
В) Жақсы, жаман.
8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
С) Таза, кір.
9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.
А) Антоним.
10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
В) Жас, кәрі.
11. Антоним сөздерді табыңыз.
А) Алды-арты.
12. «Шық» сөзінің антонимін табыңыз.
А) Кір.
13. Антоним сөздерді табыңыз:
a) Аш, жап.
14. Антонимдер қатарын анықтаңыз.
А) Ескі-жаңа, жарық-қараңғы.
15. «Жаңару» сөзінің антонимін табыңыз.
В) Ескіру.
16.Антонимдерді табыңыз.
А) Ит өлген жер-таяқ тастам жер.
17. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
Д) Көз-қорқақ , қол-батыр.
18.Антоним сөздерді табыңыз.
В) Ілгерінді-кейінді.
19.Антонимдерді табыңыз.
А) Алыс пен жақынды жүрген біледі.
20. Антонимді табыңыз.
С) Жина-шаш.
21. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
Д) Аштық-тоқтық.
22. Антонимді табыңыз.
С) Бұзу-жөндеу.
23. Антоним сөздерді табыңыз.
А) Жомарт-сараң.
4. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
Е) Надан.
25. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсетіңіз.
Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.
Е) Зат есім.
Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңырақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Объяснение: