Балаларға арналған Қазақша тақпақтар жинағы: ОТАН- СЕНІҢ, АТА-АНАҢ туралы тақпақ Отан- сенің, ата-анаң, Отан- досың, бауырың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан- өлең, Отан- жыр, Көтерген көкке ел даңқын... Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап, сүйе Біл
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку