Анам тілі Қадірлі, бағасы алтын анам тілі, Сенімен бағаланған балаң түрі. Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп, Сенімен әлдилеген анам мені. Бесікте белім буып бітіскемін, Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін. «Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып, Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін. Маңымды сеніменен танығамын, Сеніменен қуанып, налығамын. Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта, «Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын. Тілегенім, қорыққаным – бәрі де сен, Сасқанда да жармасам ойбайыңмен. Апкәусар болса дағы ұжмақтағы, Тәттілікті көрмеспін сенімен тең. (І.Жансүгіров. 1921)
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку