Настякалав
06.11.2022 15:22

Перевод нужен: - менің туған жерім – қараторғай! әкемнің көп айтатын сөзі – бұл. осыны айтқанда қат-қабат адырлар елестейтін. менің туған жерім – сол қараторғай. әкем – құрылысшы-инженер. бұл оқуды алматыдан оқып бітірген. қараторғайдың үй-құрылыстарын өзі салған. кейін жұмысын аудан орталығына ауыстырған, содан туған жерін есіне алады. мен жазда ылғи қараторғайға барамын. әкем екеуіміз барлығын аралап көрдік. пионер лагерінен келген күні әке-шешеме: «қараторғайға, апам мен әжеме барамын»- дедім. қапшық, қорабымды алып ауылға аттандым.ауылға келсем, атам мен әжем күтіп тұр екен. екеуі қуанып қалды. апам «қарының ашқан жоқ па? »- деп, айналып-толғанып жатыр. атам совхозда (қой фермасында) жұмыс істейді. атам он бес күнге жайлауға кетті. былтыр келгенде достасқан қайсар екеуіміз ауылдан ұзап, дөңге шығып ойнап жүрдік. бұл жердің неліктен қараторғай атанғанын одан сұраймын. ол өзінше түсінік береді.-ерте заманда бұл жерде қараторғайлар қаптап жүреді екен, содан солай атанған. мен оған: -бұл жерді қаражан немесе сарыжан десе, дұрысырақ болар еді – дедім.-сен олай деп туған жеріңді тәлкек қылма! сенің атың қабыл. қартайғанда тісің түседі, шашың ағарады, сонда сені ақбас немесе кетік деген ұнай ма? - дегені қайсардың. ол ренжіп қалды.екеуіміз томсарып үйге қайттық.мен дөң басында отырмын. қаражан,сарыжан туралы айтқанымның растығын дәлелдеймін.қараторғайдың жаңбыр жауса, шаттанады.бір күні әжем екеуіміз қырға шықтық. топ-толық бидайларды көріп, мәз болып, қуанды. әкемнің інісі серік - механизатор болып жұмыс істейді. күн шыға кетіп, күн бата келеді. әжем оған: -серікжан, биыл қараторғай иіп тұр екен, ә? -бабын тапқан шығармыз! екі-үш күннен кейін егін алқабында комбайндар жүйдікті. түстен кейін, жаңа астықтың ұны келіп түсті. әжем білегін түріп жіберіп, нан илеуге кірісті.біз қайсар екеуіміз қурай әкелдік.нан пісті. әжем тандырдан ып-ыстық тоқаштарды асатуға ала бастады. нанды алып болғаннан кейін, әжем маңайдағы шақырып, бәріне бір-бірден тоқаш ұстатты.дәмі тіл үйіреді. әжем, мен, бәріміз дәмін көрдік.-жеңдер, айналайындар! бұл- туған жеріміздің сөлі! тоқаштың дәмі сондай тәтті, мұндай нан жеп көрмеген сияқтымын. неге екенін білмеймін, денем әлсіреп, тебіреніс толқыны шайқайды. о, біздің сүйікті қараторғай, сенің құшағыңда өскен дәннің сөлі неткен шырын еді! мана бір алаңсырлығым үшін сары даладан кешірім сұрадым іштей. сезетін болар!

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
supermosyagina
23.07.2022 20:09

«Ағаш жердің көркі» шағын әңгіме.

Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш екенін байқаймыз. «Бәр тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштарды табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі ағаштардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі,  тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаштың пайдасы көп. Осыны біоген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.

Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен ағаштар саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
тата282
16.04.2021 01:13

1) Бұл мақалдың мағынасы - адамды біреу жақсы көрсе, ол ең сұлу адам болып есептеледі. Сұлу болып туылма, бақытты болып туыл.

2) Менің ойымша, бұл мақалдың мағынасы -тіл сауаттылығы адамды көркем етеді. Ал адам дұрыс сөйлей білмесе, сөйлеген сөзі оны нашар етіп көрсетеді.

3)Мақалдан түсінгенім-біреуді немесе бір затты сырт бейнесіне қарап бағалауға болмайды.Себебі, кейде сырт бейнесі сұлу адамның ішкі жан дүниесі нашар болуы мүмкін.

4)Бұл мақалды мен былай түсіндім-адамның нағыз сұлулығы оның сырт бейнесіне байланысты емес.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота