butovobrazz
27.04.2022 08:32

Еліңнің болашағы үшін не істеу керек? ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Arina0903
23.04.2020 10:51

Қазақстандық спортшылар туралы хат.

Сергей, сәлем! Қалың қалай? Сабағың жақсы ма?

Менде бәрі жақсы. Домбыра үйірмесінде сайыс ұйымдастырылып, соған дайындалып жүрмін.

Есіңде кезекті хатымда елімнің атақты спортшылары туралы айтып беремін деп едім ғой. Міне, сол уәдемді орындап жатырмын.

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын. Ал сенің сүйікті спортшыларың кім?

Хабарласып тұр.

Сәлеммен,

Досың Ахат.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ly3577
11.11.2022 14:36

Жауқазын

Жауқазын– лалагүлдер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктің ерте көктемде пісетін ақ түйнекті баданасы.

Жауқазын гүлін бәйшешек қатарлы шуақты көктемнің алғашқы гүлі, яғни «көктем жаршысы» десек те болады.  Жауқазын еліміздің көптеген аймақтарында өседі.  

«Жақсы адам — елдің көркі, жауқазын гүл — жердің көркі» демекші, гүл дегеніміз - ол әдемілік, нәзіктік, сұлулық. Менің ойымша, осы әсемдікті тек көзбен ғана тамашалап, жұлмау керек.  Керісінше, қолымыздан келгенше оларға күтім жасап, санын көбейтуге тырысу қажет. Сөзімнің соңын өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Алғаш рет күркіреп,

Ағыл тегіл жауса күн,

Қырға шығар дүркіреп,

Көктем басы жауқазын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота