- Сәлем, Әсем, қалың қалай?
- Сәлем, Арман. Жақсы, өзің қалайсың?
- Мен де жақсымын. Келесі аптада сенің қалаңа келемін, қай қонақ үйге баруға кеңес бересің?
- Қаламызда жақсы қонақ үйлер көп. Маған бәрінен де «Байқоңыр» қонақ үйі ұнайды.
- Сонда несімен ұнайды?
- Қонақ үй өте ыңғайлы әрі үлкен. Аумағында жасыл желек те бар. Сонымен қатар жұмысшылары өте жақсы.
- Рахмет, онда сол жерде тоқтаймын.
- Оқасы жоқ.