Түйеқұс (орыс. Страус) - Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың қауырсыны тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.
Ерекшеліктері
Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен башпайларының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алға да 400 кг-ға дейін жететін күшпен тебе алады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене жәндікті да іліп алып жей береді. Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзінің салмағы 60 граммға жетеді. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе ауыр. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралған тағы бір көз қабығына ие.
Африка түйеқұсы
Осы замандағы құстардың ең ірісі (Стрұтһіо цамелұс) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркегінің бойының биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінің салмағы 90 кг-ға жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының башпайы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.
Объяснение:
Түйеқұс казахское название страуса
(если не сложно, можете потом отметить мой ответ как "лучший ответ"?)
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.