[переведите только не в ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2. тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. жақын жатқан көлдерден (үлкен және кіші шабақты, шортанды, қотыркөл, жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім жұмбақтас аралы орналасқан. оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (қызылтас, т. сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар бурабайға ерекше көрік береді. төңірегінде бурабай , «оқжетпес» және «голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан қ бар. бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.