94 бақылау сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларын орындаңдар.1)өткен шақ туралы айтыңдар 2)келер шаққа мысал келтіріңдер 3)" мүсінші мысық" әңгімесіндегі шоқанның кім екенін білесіңдер ме?
1. Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. 2. берерміз, айтпассың, жүрмек, айтпақшы, барады, оқиды
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку