«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз.
Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.
«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ.
Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.
Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.
Барында анаңызды қуантыңыз! Күлдіртіңіз! Оларға бәріне лайық!
Объяснение:
Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі әрі бірегейі – “Әнші құм” төбесі. Ел арасында “Айғай құм” деп те аталып кеткен жер Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Кейбір жерлерінің биіктігі 150 метрге дейін жететін құм шынымен де әуезді ән сала ма?Жел тұрса, сырнай үні шығады, ал тіпті қатты жел тұрса, одан да зор дыбыстар естіледі деседі. Кейде “әнші”, ал кейде “айғай” деп аталып кетуі де осыдан болуы керек. Бір жолаушыны құшақ жая әсем әнмен қарсы алса, біреуіне ызғарланып, сес көрсеткендей күйде болады. Бізге жеткен аңыздарға сәйкес, бұл құмды Жібек жолы бойымен өтіп бара жатқан жолаушылар есту үшін, құдіретін сезіну үшін арнайы ат басын бұрып отырған.
Сәйкесінше мұндай табиғаттың тылсым күшімен жасалған дүние табиғат ескерткіші ретінде сақталып, “Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябақтың” құрамына енген.
Осы жер туралы аңыздар ел арасында көптеп таралған. Тіпті әр ауылдың өз аңызы бар. Солардың ішіндегі ең танымал дегендерін қарастырып көрейік. Бір аңызға сәйкес бұл жерде сүйіктісіне жете алмай қалған, дуаланған сұлудың дауысы естіледі екен. Сол сүйіктісіне жетуге деген ынтызарлығын осылай әлі күнге дейін жеткізеді. Өзге аңыз бойынша бұл жерде атақты Шыңғыс хан және оның сарбаздары жерленген. Хан өзінің ерліктері туралы ұрпақтарына жеткізу үшін осы дыбысты шығарады деседі.
Аңыздар көп деп атап өткенімдей, қорқынышқа толы аңыздар қатары да жетерлік. Біреуіне сәйкес бұл жерде қара ниетті адам дүние соңынан қуып, ақыры құм астында қалған. Оның әрбір өкіне отырып күрсінген демі осындай дыбыс болып шығады екен. Діни аңыздар бойынша бұрыңғы заманда ел арасында “шайтан” жүріп, адамдарды азғырған. Содан ол ісіне ашуы келген Құдай оны бір жерден екінші жерге тез бару қабілетінен айырыпты. Құм төбесінде орналасқан үйіне жету үшін оған жазық дала бойы жаяу жүруге тура келді. Жолының ауыр боғланы соншалық – шаршап-шалдыққан ол құмға бір бүйірінен жатып, ұйықтап қалыпты. Ешнәрсе де оны оята алмайды. Мейлі жаңбыр, мейлі найзағай болсын. Тек адамдардың шығарған шулары маза бермей, ұйқысырап осындай дыбыс шығарады.
Не де болса, бұл жер – феномен. Қазақстанның ең ерекше жері, ел арасында танымалдыққа әлі ие болмаса да, әлемдік танымал құндылыққа айналатындай қауқары бар. Әуезді ән шығаратын осы сияқты құмдар саны әлем бойынша алтау екен. Олардың бірі біздің Қазақстанның кең байтақ жерінде. Одан бөлек АҚШ-тың Калифорния, Мичиган құмдары, Намиб шөлі, Қытайдың құмы және Ұлыбританияның Уэльсиінде бар екен.