варай
03.03.2022 19:20

Составьте предложения со словами үлгілі, бауырмал, ашық, мейірімді, қарапайым . (с переводом)
это ! ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:

Күлтегін жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. 

«Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. 

Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

Күлтегін жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sofiapel68p08lqa
18.04.2023 14:10

Қазақ хандығының 550 жылдық тарихында 18 ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзің басқарған Әбілқайыр ханың үлкен үлесі бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілген кезде осы адамның портреті 50 теңге номиналына орналастырылды.

Мұның бәрі кездейсоқ емес еді. Кіші Жүзді хан ретінде 18-ші ғасырдың бірінші жартысында басқарып, 1731 жылы Кіші жүздің Ресей империясына кіруін бастады. Мұхаммед Әбілқайыр Ғази Бахадур Хан Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болған еді, ол қиын және әділетсіз 18 ғасырда өмір сүрді.

18 ғасырдың басында Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының жағдайын сипаттап берді: «18 ғасырдың алғашқы онжылдықтар қырғыз халқының (қазақ халқы деп аталатын) өмірінде ауыр уақыт болатын еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтар, Жайық орыс-казак және башқұрттар түрлі бағыттардан шабуыл жасап, мал-мүлкін жойып, тұтас отбасыларымен тұтқынға алды».

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота