Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.
О здоровье
1Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
2Денсаулық — зор байлық.
3Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
4Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
5Өлгенге өкпе жүрмейді.
О дружбе
1Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
2Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
3Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.
4Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.
5Ауыр сөз айтқан дос емес.
6Босқа бергенше досқа бер.
7Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
8Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.
9Дос — ажарың, жолдас — базарың.
10Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
11Дос бергеннің түсіне қарама.
12Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір).
13Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
14"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.
15Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.
16Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.
17Дос егіз, дұшпан сегіз.
ОБ Уме
1Адамның жүзі ақылдың айнасы.
2Айғайлы жерде ақыл аз.
3Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
4Айлалы түлкі алдырмас.
5Айласыз батыр алдырар.
6Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.
7"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз".
8Ақыл ағадан, ілтипат ініден.
9Ақыл адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі.
10Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,
11Арамдық озбайды.
12Ақыл айнымас, алтын шірімес.
13Ақыл айтсаң батыл айт.
14Ақыл — алтын сандық,
адамына қарай ашылар.
15Ақыл — арман, ой — өріс.
16Ақыл ауыздан, мерей көзден.
О ДОБРОТЕ
1Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі.
2Қайыр бар жерде ырыс бар.
3Қайыр қылсан, бүтін қыл.
4Жақсылық суға батпас, жарыққа бір шығар, жатпас.
5Жақсылық жерде қалмайды.
6Жақсылық — жүректен, жамандық — білектен.
7Жақсылықтың ерте-кеші жок
Про любовь к сожалению незнаю.