Pepe uuvidiu codici pall dni. 5 рәмі: үлгі: шаңырақ үйдің төбесінде тұрады. мектептің төбесінде мемлекеттік ту желбірейді. сөздік қорынды мәтінге тақырып - в си н калий ка оқи) 3. • суре дос сим
Есіптік сан есімдер (Количественные числительные) Менiң отбасымда бес адам бар. – В моей семье пять человек есть. Бiр аптада жетi күн бар. – В одной неделе семь дней. Сөздiкте үш мың сөз бар. – В словаре три тысячи слов. Сыныпта отыз екi адам бар. – В классе тридцать два человека. Реттік сан есімдер (Порядковые числительные) Қаңтар - жылдың бiрiншi айы. – Январь - первый месяц года. Он тоғызыншы палатада әжем жатыр. – В 19-ой палате моя бабушка лежит. Жиырма бесiншi қазан - Республика күнi. – 25 октября - день Республики. Он бесіншi ақпан. – 15-ое февраля. Жиырма екіншi наурыз. – 22-ое марта. Бiріншi қантар - Жаңа жыл мейрамы. – Первое января - Новогодний праздник. Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсiздiк күні. – 16 декабря - день независимости. .Жинақтық сан есімдер (Собирательные числительные)Екеуiнде кiтап бар. – У двоих книги есть.Мыналардың бiреуiнiң аты - Жан. – Имя одного из них - Жан.Олардың екеуi. – Они вдвоём. Бiздiң үшеуiмiз. – Мы втроём. Болжалды сан есімдер (Приблизительные числительные)Біздің үйде қырықтай гүл бар. – В нашем доме около сорока цветов есть. Бізде елуге жуық қызметкер бар. – У нас около пятидесяти сотрудников есть. Алма нешелерде? Жиырмаларда. – Алме сколько лет приблизительно? Около двадцати. Қайраттың жасы қырықтарда. – Возраст Кайрата около сорока.
Бөлшектік сан есімдер (Дробные числительные)үштен бiр – 1/3 - одна третья бiр бүтiн бестен екi – 1 2/5 - одна целая две пятых он алтыдан бiр – 1/16 - одна шестнадцатая нөл бүтiн оннан бес – ноль целых пять десятых (0,5) сексен төрт бүтiн жүзден он үш – восемьдесят четыре целых тринадцать сотых (84,13)
Топтау сан есімдер (Разделительные числительные)қырықтан – по сорок, екiден – по два жүз елу бестен – по сто пятьдесят он-оннан – по десять, бес-бестен – по пять
Мұғалжар тауы-Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм.
Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.
Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол.
Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана жарамды. Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку