artemka106
18.05.2020 22:41

Прочитать 2 столбика и написать о чем песня на ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
xxxxxxxx13
03.01.2023 09:55

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
global34523
18.05.2021 02:39
Я сделал не всё
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды ​​облысының Жаңаарқа ауданында туды. Оның нақты аты - Садвакас. Алайда танымал қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкеннің есімі атымен аталатын болады.Ол кедей отбасында дүниеге келген. Сәкеннің әкесі музыкалық құлағы бар және виртуоздық домбырашысы болды. Ана Жамал - ауызша халық шығармашылығының сарапшысы.
Сәкен алғашқы ауылдық молдада оқыды. 11 жасында Нильдинский (Успен) кенішінің орыс дипломын игеру мектебіне жіберілді.
«Мен Нильдте үш жыл болдым. Бір жағынан, мектептен сабақ алдым, екінші жағынан өмірден білім алғанмын: адамдар қалай жұмыс істейтінін көрдім, олар жер асты шахталарында қалай жұмыс істейді, олар көмір мен рудадан таулар салған кезде оларға қаншалықты қиын ; Мен жатақханада, жұмысшылардың үйінде болдым, олардың өмір салтын білетінмін. Мен олардан көп естідім. Мұның бәрі мені өшпес әсер қалдырды » ұлттық проблемаларға терең алаңдаушылықпен қарайтын болса, 1923 жылы ол күрестің жолына батыл қадам басқан, ұлттық тағдырдың тіл тағдырына тәуелді екенін түсініп, бұл тәуелсіздік болмаса, толыққанды болмайды. Ол 1923 жылғы 17-25 сәуірде өткізілген, ұлттық мәселе көтерілген, большевиктік партияның он екінші конгресінің соңғы кездесуімен қатты алаңдатты.
жерде орыс мәдениеті ерте ме, кеш пе, басқа ұлт мәдениеттерінен асып түсетіндіктен, орыс ұлтының артықшылығын күшейту керек деп ашық айтылды.
Мұны естігеннен қатты сілкініп жүрген Сәкен халықтың тағдыры үшін осындай маңызды мәселелерді шешу жолдарын іздестіре бастады.Ол қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесін беру мәселесі бойынша күрделі мәселелерді көтере бастады.
Өзінің халқының жақын және алыс тарихын қарап, жазушы өз ісін осы мәселеде үлгі бола алатын адамдарды іздей бастады. Сәкен халықты тәрбиелеуге көп күш жұмсаған Алаш Ахмет Байтұрсыновтың басшыларының бірі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота