Алғыс айту күні
Тарихымның сан тарау парақтарын,
Асықпай ой көзіммен парақтадым.
Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін,
Басымнан өткердім мұң, азап таңын.
Соңғы нанын үзіп берген халқым менің,
Ұлттардың алғысымен аян даңқың сенің.
Тар жол, тас қияда тартылса да өзегің,
Өгейсінбей бауырыңа бастың ұлын өзгенің.
Мейірбан жүрегіңмен құшақ жайып,
Көп халықты жаттың қарсы алып.
Ізгілікпен бауырыңды шақырып,
Дархан дастарханнан дәм алып.
Бір - біріне алғыс айтып адамзат,
Адамдықтың төріне шыға берсін қадамдап.
Тарихыңнан бастау алған ғұрпыңды,
Болашаққа міндет ет, даралап!
Автор: Тамбай Жайнагүл
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа к деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.