Қыс – күзден кейін келетін, жылдың ең суық мезгілі. Күнтізбе жүйесі бойынша Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан қыс айлары болып саналады. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болып, Үркер жұлдызы көкке өрмелеп жоғары көтерілген сайын суыта түседі. Қыс мерзімін халқымыз өзінше бағалап, өз тұрғысынан сипаттап келеді. Осы тұста қыстың бейнесін тірі жанға балаған Ұлы Абайдың мына өлең шумақтары еріксіз тіл ұшына оралады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл мезгілде болатын табиғи құбылыстардың бірін қалдырмай аса көркемдікпен суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың және Ілияс Жансүгіровтің төмендегі өлең жолдары қыстың қатал мінезін көз алдымызда жандандырып тұрғандай:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар. Қызыл шұнақ қызыл бар. Суда айна тас мүсін бар, Қылаулатқан қырау бар.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.].
Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады.