Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар.
Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым келсек, тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін баға беріп отырған. Қазақ тарихының әр кезеңдерінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы, дипломат болған немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына орай әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
Ас, тағам туралы жұмбақтар:
1. Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм пiседi тамаша. (Таба нан)
2. Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен? (Шай)
3. Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. (Тұз)
4. Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан. (Айран)
5. Әрі сусын, әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі. (Қымыз)
6. Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (Пияз)
7. Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ. (Жұмыртқа)
8. Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн. (Тұз)
9. Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)
10. Ең мықты дәрi,
Жұрттың бәрi.
Аусап iшер,
Бал татыр дәмi,
Ненiң нәрi. (Шұбат)
11. Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар? (Кесе, шай)
12. Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып - тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ. (Қымыз, саба, піспек)