енді кез уелген жерінен көшіріп жаза бер
анау тырнақша ішіндегілер
Объяснение:
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған.
Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату-ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені болса, «Шаңырағың ортасына түссін!» деген қарғыстың ең ауыры болып саналады. Шаңырақты аттамайды, көшкенде жеке түйеге артып, ол көш басында жүреді. Қыз ұзатылғанда мініп келген көлікті «шаңырақ түйе» дейді. Бұл көлікке ұзатылатын қыздың шешесі, жеңгесі, сіңлілері ғана ортырады. Тыныш отыр, шамаңды біл дегенді білдіру үшін: «Шаңыраққа қара!» – деп, ескерту жасайды. Мысалы, үлкен іске үлес қосты, қала, зауыт салысты дегісі келсе «Шаңырағын көтеріп, уығын қадасты», – дейді.
Жекеше Көпше
Менің көлігім біздің көлігіміз
сенің көлігің сендердің көліктерің
сіздің көлігіңіз сіздердің көліктеріңіз
оның көлігі олардың көлігі(көліктері)
менің доңғалағым біздің доңғалағымыз
сенің доңғалағың сендердің доңғалақтарың
сіздің доңғалағыңыз сіздердің доңғалақтарыңыз
оның доңғалағы олардың доңғалағы(доңғалақтары)
менің өнеркәсібім біздің өнеркәсіптеріміз
сенің өнеркәсібің сендердің өнеркәсіптерің
сіздің өнеркәсібіңіз сіздердің өнеркәсіптеріңіз
оның өнеркәсібі олардың өнеркәсібі(өнеркәсіптері)
Объяснение: