Пысықтауышқа мысалдар.
Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді.
Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш
2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш
3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш
4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш
5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш
Толықтауышқа мысалдар.
Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.
Мысалы: Атасы баласын (кімді?) шақырды.
Оған (кімге?) көмектесу керек.
Қасқырлар көк шолаққа (неге?) ауыз салды.
Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.
Анықтауышқа мысалдар.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? Қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...