Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық - пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар. Міржақып Дулатов Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. Көз ашып, жұртын ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар. Мағжан Жұмабаев Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. ал барша мұсылманға қасиетті рамазан айында ораза ұстағанда, алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан , одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін! судың бағасын білмей, суға қоқыс тастап, оны ластайтын жандар бір өзіне ғана емес, қа зиян жасап жатқанын біле ме екен? сусыз бір күн өмір сүрудің өзі тәніңді азапқа түсірерін білер ме екен? тазалықты білетін, сүйетін дана халқымыз бұлақ көзін жаппаған, керісінше бұлақ көзін ашуды сауапты іс деп білген. тіпті, суды бей-берекет жұмсамаған. бір сәт соны ойға алып, дана халқымыздың тәрбиесімен сусындап, судың да сұрауы барын білгеніміз жөн.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку